Гандболдан жарыс: жас қарағандылықтар жеңіске жетті

3014
Фотосурет: Gov

Қарағандылықтар Астанада 7–8 сынып оқушылары арасында гандболдан Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде 1-ші орынды иеленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарысқа 12 команда қатысты.

Қарағанды облысының атынан дене шынықтыру мұғалімдері Татьяна Кошкина мен Руслан Девяткиннің жетекшілігімен № 32 ЖББМ құрама командасы қатысты.

– Біздің команда үш сегізінші және алты жетінші сынып оқушыларынан құралған. Барлық балалар Пришахтинск БЖСМ-де айналысады. Оларды спорт мектебінде Надежда Сударикова жаттықтырады. Матчтар өте қиын және ауыр болды, әсіресе Павлодар және Жамбыл облыстарының командаларымен. Бірақ біздің балалар бірде-бір матчта ұтылмай, шеберлік пен ерік-жігердің арқасында жеңіске жетті. Команда ел чемпионы атанды, – дейді Татьяна Кошкина.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -