"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" жолын қайта жаңарту 2025 жылы басталады

6831
Фотосурет: Gov

Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе өңіріне барып, еліміздегі ең нашар жолдардың қатарына жататын "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" тас жолын көлікпен жүріп өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Бұл жолдың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алайда жолдың бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталды. Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол учаскесін Sine Midas Stroy мердігері салып жатыр. Жол толығымен қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғанша ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтудамыз. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді" Марат Қарабаев

Қайта құру жұмыстары келесі жылы басталады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының арасы, Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы, Құдықсай мен Бөгетсай ауылдары арасы және де Бөгетсай және Қарлау ауылдары арасы қалыпқа келтірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -