2024 жылғы 18 шілдеде Астана тұрғындарымен есептік кездесуде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңірдің отын-энергетикалық кешеніндегі ағымдағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Министрлік мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту сияқты стратегиялық бағыттарға назар аударатынын атап өтті.
«Министрлік газ инфрақұрылымын жүзеге асыру, электрмен және жылумен жабдықтау, халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселелерінде негізгі өмірлік салаларда мемлекеттік саясатты жүргізеді. Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері негізгі міндеттердің бірі болып табылады» Алмасадам Сәтқалиев
Астана қаласында орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясы ЖЭО-1, ЖЭО-2 және «Астана-Энергия» АҚ-ның 6 аудандық қазандығынан алынады. Астана қаласында орнатылған электр станцияларының электр қуаты 622 МВт, жылу қуаты – шамамен 2 971 мың Гкал/сағ құрайды.
«Астана РЭК» АҚ аймақтық электр желілік компаниясы болып табылады және оның активтерінде 6042,3 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Кәсіпорынның балансында 1 781 қосалқы станция бар.
Астана қаласы бойынша жылу қуаты тапшылығын азайту мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2023 жылы Астана қаласы бойынша жылу көздерін салудың 3 жобасы іске асырылды. Бұл бірінші кезекте ЖЭО-3, «Оңтүстік-Шығыс» және «Тұран» жылу қуаты 1175 Гкал/сағ болатын газ қазандықтары, олар өз кезегінде елордадағы жылу энергиясына тапшылықты жоюға мүмкіндік берді.
2024 жылы ЖЭО-3 жобасы бойынша көмір бөлігі мен абаттандыру жұмыстары орындалады. Жобаның аяқталуы 2025 жылы күтілуде. Қосымша 480 Гкал жылу қуатын енгізу елордадағы жылу қуатына деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Астана қаласын газдандыру ведомствоның басым бағытағы жұмыстарының бірі болып табылады. Осыған байланысты газ тарату желілерін салу және халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Желілер құрылысы үш кезеңде жүргізіледі.
1,4 миллион тұрғынның ішінде 300 мың адам газдандыруға жатады.
2021 жылы бірінші және екінші кезеңдегі екі кешенінің іске қосылуы, 200 мыңнан астам қала тұрғынын табиғи газбен қамтуға мүмкіндік берді. Биыл газдандырудың екінші кезегін аяқтау. Сондай-ақ үшінші кезеңді іске асыруды бастау жоспарлануда.
Газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда.
Газ тарату станциясының қуаты 350 мың м³/сағ болатын үшінші кезеңдегі газдандыруды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қаражатынан 10,5 млрд теңге бөлінді.
«Астана қаласын газдандыру бекітілген Жол картасына сәйкес жүзеге асырылуда және 2025 жылға дейін аяқталады. Барлық сұрақтар Үкіметтің тұрақты бақылауында» Алмасадам Сәтқалиев
Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандырған негізгі мәселелер қаланың бірқатар бөліктеріндегі жоғары вольтты электр жеткізу желілерін көшіру, газдандыру, сондай-ақ үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.
Министрдің азаматтарды жеке қабылдауында электр және жылумен қамту, Қажымұқан және Үркер ауылдарын газдандыру мәселелері көтерілді.
Өз кезегінде А.Сәтқалиев айтылған проблемалық мәселелер ерекше бақылауға алынғанын және кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.