Бір күнде Шымкент ұландықтары жоғалған баланы тауып, үш телефонды иелеріне қайтарып берді

16797
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Өткен демалыс күндері ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің патрульдік-бекеттік қызметі бір-екі сағаттың ішінде бірнеше қырағылық үлгісін көрсетті - жоғалған баланы тауып, үш телефонды иелеріне қайтарып берді.

Барлық жағдайлар Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орын алған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сағат 19.40 шамасында азаматша өзінің сіңілісін табу туралы өтінішпен Ұлттық ұланның әскери жасағына жүгінді. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Бекзат Советхан мен патрульшілер Аслан Нұрлан мен Хусе Насыров бірден жоғалған қызды іздей бастады. Біраз уақыттан кейін ұландықтар бағдарға сәйкес келетін қызды көрді. Әскери жасақ баланың жоғалып кеткеніне көз жеткізіп, оны әпкесіне қайтарып берді.

Біраз уақыттан кейін осы ауданда бірден үш қала тұрғыны жоғалған телефонын табу үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына жүгінді. Іздестіру іс-шаралары барысында барлық азаматтарға жоғалған мүліктері қайтарып берілді.

Барлық жағдайда азаматтар Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін зор алғыстарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -