Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде, Отанға адал болуға ант берген 600-ден астам жас сарбазға қару табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жауынгерлерге қару тапсыру салтанатты шарасы әскери бөлімнің саптық алаңында өтті. Қатарда тұрған жас сарбаздарды бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Ержан Абдукаликов құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
"Кеше ғана Отанға адал қызмет етемін деп әскери ант берген жас сарбаздар, бүгін Сіздерге салтанатты түрде жауынгерлік қару табыстадық. Өздеріңізге бекітіліп берген қарумен жыл бойы жауынгерлік қызметтеріңізді атқаратын боласыздар. Қызметтеріңізге табыс тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етуге, қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектестік білдіремін" Ержан Бақытжанұлы
Алдағы уақытта астаналық жедел мақсаттағы бригада жауынгерлері елорда көшелерінде қала тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға атсалысады.