Гусман Қырғызбаев-Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

5830
Фотосурет: Gov

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.

«Қуан, Қазақ елі! Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпия ойындарының қола жүлдегері! Білекті де жүректі балуанымыз ел мерейін асырып, сенімді ақтады! Ғұсманның өнерін арнайы барып тамашаладым. Өте мықты балуандармен бетпе-бет келді. Қара күші мен мінезінің арқасында осы деңгейге жетті. Олимпиадаға мықты спортшылар ғана қатысатынын ескерсек, қола да жақсы нәтиже. Париж төрінде Қазақ дзюдосының жаңа тарихы жазылып жатыр. Кеше Елдос Сметов чемпион атанды. Әбиба Әбужақынова жанкешті өнер көрсетті. Енді, міне, Ғұсман намысты қолдан бермеді. Жарайсың, Ғұсман!» Ермек Маржықпаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -