Ұлытау облысының құтқарушылары көпқабатты үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Сәтбаев қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып, өрт 3 және 4-қабаттағы балкондарға ауысқан.
ТЖМ күшімен 7 адам эвакуацияланды және 4 бала құтқарылды. Өрт жалпы ауданы 36 ш.м. жойылды. Зардап шеккендер жоқ.