Шахтер ауылында Тоқаевқа жұмыс және тұру үшін қолайлы жағдайлар туралы айтылды

6743
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп ауыл шаруашылығы кәсіпорынында 245 жергілікті тұрғын жұмыс істейтінін айтты. Шаруашылық негізінен дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ картоп егумен айналысады. Директордың айтуынша, агробірлестіктің техникалық паркінде John Deere, Buhler, CLASS, Lovol, Valtra, РСМ, Acros маркалы заманауи шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, астық жинайтын комбайндар бар. Бүгінде шаруалар егін жинау науқанына сақадай сай.

 Президентке жергілікті тұрғындар ауылда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ауылды дамытуға және шаруаларды қолдауға айрықша мән беретінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -