Жетісулық ұландықтар есінен танып қалған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетті

6072
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2024 жылғы 30 тамызда Талдықорған қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің сарбаздары сағат 20.45 шамасында «Арбат» аллеясында бір топ адамның қарасын байқайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жақындап келгенде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған жас қызды көреді.

Қатардағылар Амихан Луценк, Ермек Нағметов және Әбіш Рахымнан құралған әскери жасақ дереу радиостанция арқылы патрульдік топ бастығына жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды. Сол уақытта жасақ құрамындағы қатардағы жауынгер Ермек Нағметов уақыт өткізбей алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Ұлттық ұлан жауынгерлері тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпейді. Кейде қала тұрғындарына медициналық көмек те көрсетуге тура келеді. Біз есінен танып қалған қызды байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге тура келді. Бетіне су шашып, мүсәтір иіскетіп есін жиғыздық Қатардағы жауынгер Ермек Нағметов

Сонымен қатар осы әскери жасақ сағат 22.15 шамасында Шевченко көшесі бойынан жерде жатқан көліктің кілтін байқап, заңды иесіне қайтарып берген.

Дәл сол күні №21 жасақ құрамындағы әскери жасақ бастығы қатардағы Осман Мухитдинов, патрульшілер қатардағы Әділ Мұхамед пен Раим Семятов Қаратал өзенінің жағажайындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдан «IPHONE – 13» маркалы ұялы телефон тауып алған. Сарбаздар табылған зат жайында радиобайланыс арқылы әскери жасақ кезекшісіне баяндаған.

Сағат 21.10 шамасында патрульдеу бағытындағы Қаратал өзені бойында жерде жатқан смартфонды таптық. Араға бірнеше уақыт өткенде телефон иесі хабарласып, смартфон иесі екенін айтты. Біз телефонды заңды иесіне табыстадық Дейді жасақ бастығы қатардағы Әділ Мұхамед

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -