Карантиндік фитосанитариялық бақылау-қадағалау іс-шаралары кезінде 997 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұзушылықтардың басым бөлігі, яғни 327-сі экспорттаушы елдің фитосанитариялық сертификатының болмауына байланысты. Фитосанитариялық сертификат-бұл өнімнің қажетті фитосанитариялық бақылаудан өткеніне және импорттаушы елдің фитосанитариялық жағдайына қауіп төндірмейтініне кепілдік.
Сонымен қатар, карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік объектілермен залалданудын 34 фактісі анықталды. Бұл біздің елдің аумағына тән емес зиянкестер, аурулар немесе арамшөптер болуы мүмкін, бұл ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, тыйым салынған өнімді әкелу әрекетінің 12 фактісі анықталды.
Барлық анықталған фитосанитариялық талаптарды бұзу нәтижесінде 69 млн теңгеден астам сомаға, 698 әкімшілік айыппұл салынды, карантинге жатқызылған өнімнің 402 партиясы қайтарылды, бұл 7 мың тоннадан асады. Бұл бұзушылықтардың жолын кесуге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ережелерді сақтауға ынталандыруға арналған қатаң шара.
Бұзушылықтарды жою үшін 124 нұсқама берілді, сондай-ақ экспорттаушы елдерге нотификациялар жіберілді.
Сондай-ақ, бұзушылықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан және ҚХР-дан экспортталған карантинге жатқызылған өнімге тиесілі екенін атап өткен жөн.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге тұрақты негізде күшейтілген бақылау жүргізеді.
Инспекторлар өткізу пункттерінде, қоймаларда, сондай-ақ өнімді тасымалдау процесінде бақылауды жүзеге асырады. Бұл бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Жалпы, өткізілетін фитосанитариялық іс-шаралар ел аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтау үшін маңызды мәнге ие. Олар ауыл шаруашылығына, экожүйеге елеулі экономикалық шығындар мен қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін карантиндік объектілердің енуі мен таралуын болдырмауға бағытталған.