Астана мен Шымкентте заманауи қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары салынады

1408
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС және «East Hope» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдыра отырып кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Астана және Шымкент қалаларында инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана қаласында тәулігіне 1 500 тонна тұрмыстық қалдықты (жылына шамамен 550 мың тонна) өңдеу қуаттылығына ие зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 94,4 млрд теңге (≈180 млн АҚШ доллары).

Шымкент қаласында тәулігіне 1 000 тонна (жылына шамамен 360 мың тонна) қалдық өңдейтін кәсіпорын салынады. Инвестиция көлемі — 53,9 млрд теңге (≈100 млн АҚШ доллары).

Жобаларды іске асыру барысында 550-ден астам уақытша жұмыс орны, сондай-ақ шамамен 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Аталған нысандардың іске қосылуы полигондарға шығарылатын қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтуға және экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұған дейін Алматы қаласы бойынша қытайлық инвестордың қатысуымен ұқсас инвестициялық келісім жасалған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -