Құлжа жолындағы жөндеу: кері қозғалыс және уақыт шектеулері

13244
Фотосурет: DKnews

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ 2024 жылғы 15 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін “Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас” республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі. 

Аталмыш жерде арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады. 
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. 

Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің бойындағы елді мекендерде қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -