Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстандағы әлем чемпионатын тең ойынмен бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бірінші айналымда біздің құрама Испаниямен кездесті.
Ойынның бесінші секундында Біржан Оразов Қазақстан командасын алға шығарды.
Қарсыластар сапынан Хесус Гордильо көзге түсті.
Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Келесі турда қазақстандықтар Ливияға қарсы ойнайды.