Фермер мемлекетке 3000 га ауылшаруашылық жерін қайтаруға мәжбүр болды

7161
Фотосурет: freepik

Алматы облысында 3000 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп жүргізген мониторинг барысында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбағаны анықталды.
Ауданы 3000 га жер учаскесі Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысымен шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілді.

Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен бұрын берілген қаулының күші жойылды, жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -