Skills Enbek және Influencers жастарға арналған курстарды бастайды

11429
Фотосурет: freepik

Skills Enbek платформасында Influencers-тің жастарға арналған курстары қолжетімді болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен Influencers әлеуметтік-білім беру платформасы ынтымақтастық туралы келісім жасады. Жаңа серіктестік аясында Influencers әзірлеген бейнематериалдар мен оқыту бағдарламалары Skills Enbek платформасына орналастырылады.

Қазірдің өзінде Skills Enbek пайдаланушылары үшін Influencers сарапшыларының қаржылық сауаттылық курстары қолжетімді. Осы ынтымақтастық алдағы уақытта жеке және кәсіби өсу үшін, әсіресе жастар үшін білім беру процесінің және басқа курстардың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Skills Enbek платформасы үнемі даму үстінде және азаматтардың жаңа білім алуы мен оларды тың дағдыларға үйрету тұрғысынан мүмкіндіктерін кеңейтуде. Біздің пайдаланушыларымыздың шамамен 40%-ы жастар. Олар үшін курстардың өзектілігі, әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие» «ЕРДО» АҚ Басқарушы директоры Ольга Киселева

Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап түрлі бағыттар бойынша 608 курс орналастырылды, оның 276-ы тегін. Платформада қазірдің өзінде 474 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттар алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -