Күрес аңызы және Олимпиада жүлдегері Талдықорғанда өткен референдумда дауыс берді

16280
Фотосурет: Жетісу облысының әкімдігі

Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, Жетісу тумасы Мәулен Мамыров дауыс берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жетісу облысының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров бүгінгі тарихи сәтке куә болып, дауыс берушілердің қатарынан табылды.

Маулен Мамыров

Ол №408 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

"Дауыс берудің жауапкершілігі жоғары. Сондықтан халықпен бірге белсенділік танытып, азаматтық міндетімді орындадым" Мәулен Мамыров

Айта кетейік, Мәулен Мамыров - палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -