Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстан Республикасының 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұрағына қалай жауап бергені сұралды.

«Exit-poll қорытындысы мынадай: Дауыс беруге қатысқан сауалнамаға қатысқан азаматтар санының 69,8%-ы АЭС құрылысын «қолдап» дауыс бергендерін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысушылардың 30,2%-ы өздерінің келіспейтіндерін айтқан. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3% деңгейінде тіркелді. Деректердің қателігі - ± 1,5% құрайды», - деді Әлібек Тәжібаев.