Pavlodar Open: халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы

4807
Фотосурет: Қазақстан шахмат федерациясы

2024 жылының 21 қазанында Павлодарда Pavlodar Open 2024 халықаралық шахмат турниры салтанатты түрде аяқталды. Турнирге 17 елден келген танымал гроссмейстерлер мен халықаралық шеберлер жиналды. Сайыс KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Павлодар облысының әкімдігі, федерацияның бас серіктесі Freedom Holding Corp. және «HaGi Павлодар» компаниясының қолдауымен өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл турнир жақында 2024 жылғы Қазақстан Кубогының екінші кезеңі - Өскеменде аяқталған Oskemen Open турнирінің жалғасы ретінде өтіп Кубоктың үшінші кезеңі болып саналады. Қазанның 13 мен 21-і аралығында швейцариялық жүйе бойынша өткен 10 турда шахматшылар екі турнирде бақ сынаған: «Masters» турниріне рейтингі 1900-ден төмен емес 90-нан астам спортшысы және «Open» жарысына рейтингі 2100-ден аспайтын 116 ойыншы қатысты.

Masters турнирінің жеңімпазы және 5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері болып 23 жастағы армян гроссмейстері Арам Акопян (2617) атанды. Ол 10 ұпайдың ішінде 8-ін жинап, бірінші орында жайғасты. Жеңімпаздан жарты ұпайға артта қалған Дмитрий Бочаров (2526) екінші орында орналасса, 3-ші орын гроссмейстер Тимур Гареевке (2541) бұйырды. Спортшыларға сәкесінше 3,5 миллион мен 2,5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, «Әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже» көрсеткен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс медалисі Алуа Нурман (2356) мен «Қазақстандық ойыншылар арасындағы ең жақсы нәтиже» номинациясының жүлдегері қазақстандық Азамат Өтеғалиевке (2418) бір миллион тенге ақшалай сыйқы табысталды. Masters турнирінің жалпы жүлде қоры 24 миллион теңгені құрады, ережеге сәйкес ақшалай сыйлықтармен 15 үздік ойыншы марапатталды.

Жабылу салтанатының құрметті қонақтары Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгуль Маликова, Қазақстан шахмат федерациясының Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Артур Шпейзер, сондай-ақ KazChess пен басқармалардың өкілдері болды.

«Қазақстан шахмат федерациясының ең басты мақсаттарының бірі - еліміздің барлық өңірлерінде ірі халықаралық шахмат турнирлерін өткізу. Мұндай ашық турнирлердің сериясы дәстүрге айналды деп айтуға болады. Олардың жоғары деңгейдегі қатысушылар құрамы қазақстандық шахматшыларға бірегей жарыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беріп, халықтың шахматқа деген қызығушылығын арттырады. Pavlodar Open – осы стратегияның жүзеге асуы мен федерация, жергілікті атқарушы органдар және бизнес-қоғамдастық арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың жарқын үлгісі»  KazChess президенті Тимур Турлов жарыс басталар алдында

«Open» турнирінің қорытындысы бойынша 20 жастағы Абдусамат Әріпов (2036) 8½ ұпай жинап, 1-ші орын мен 1 миллион теңгелік сертификаттың иегері атанды. 2-ші орын мен 700 мың теңге кызылордалық Нұрдаулет Тангатовқа (2096), 3-ші орын мен 700 мың теңге астаналық Ален Сулеевке (2084) бұйырды, екеуі де 10 турдың соңында 8 ұпай жинады.

Open турнирінің кепілдендірілген жалпы жүлде қоры 4,5 миллион теңге құрады: 1-ші орын үшін 1 миллион теңге, әйелдер мен ардагерлер арасындағы ең жақсы нәтиже үшін 200 мың теңгеден, 10 жас және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ең жақсы нәтиже үшін 150 мың теңгеден беріледі.

Ескерте кетейік, 2024 жылғы Қазақстан Кубогының 1-ші кезеңі - Владимир Дворкович Мемориалы - Aktobe Open 2024 - мамырдың соңында Ақтөбе қаласында өтті. Кубоктың қорытындылары финал кезінде, қараша айының ортасында Алматыда нокаут жүйесі бойынша өткізілетін болады.

2024 жылғы Қазақстан кубогының бірінші кезеңі – Владимир Дворкович Мемориалы – Aktobe Open 2024 сайысы мамыр айының соңында Ақтөбеде өткен. Кубоктың қорытындысы қараша айынның ортасында Алматыда нокаут жүйесі бойынша өтетін финалда белгілі болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -