Жылыту кезеңіндегі профилактикалық жұмыс

3388
Фотосурет: Gov

Тұрмыстағы өрттердің алдын алу мақсатында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері биылғы жылыту маусымында жеке секторда өрттердің санын азайту, адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануының алдын алуына бағытталған «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Акция барысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Оларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Үйлеріне улы газ датчиктері орнатылды және пештің мұржасын дұрыс тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Біздің міндетіміз – әр үй мен әр отбасы үшін қауіпсіз жағдай жасау. Бүгінгі іс-шара азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардарлығын  арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйретуге, сондай-ақ ықтимал қауіптерді анықтап, оларды жоюға бағытталған. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады», - деп ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев атап өтті.

Осы акцияға «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының басшылығы мен депутаттары, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы, «Qazaqgaz aimaq» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ волонтерлер белсене қатысты.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының 4480 тұрғын үйі есепке алынды. Тамыз айынан бастап барлық орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, оның барысында 11938 адам қамтылды. Осы үйлерде биылғы жылғы тамыз айының басынан бастап 988 өрт хабарлағыш орнатылды. ​2018 жылдан бастап әлеуметтік осал халықтың үйлерінде барлығы 6832 өрт хабарлағыш орнатылды. ​Барлығы аула аралаумен 10 мыңнан астам тұрғын үй және 25 мың адам қамтылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -