Қарағандыда коммунити-орталық ашылды

3696
Фотосурет: Gov

Қарағандыда Республика күні қарсаңында комьюнити-орталық ашылды. Бұл жастар өз жобаларын құрып, білікті көмек ала алатын орын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мұндай психологиялық көмек қызметі жұмыс істейді, сондай-ақ заңгерлік және қаржылық кеңес алуға, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

Орталықтың барлық қызметі тегін.

Оның жұмысы жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған. 

Орталықта подкаст жазу, мобилография, 

дронды басқару бұрышы,

коворкинг, дизайн студиясы

және т. б. тақырыптық аймақтар жабдықталған.

–  Комьюнити-орталығы жеті аймақты қамтиды, олардың әрқайсысы жастардың бойындағы дарын мен әуестігін анықтауға мүмкіндік береді. Қауымдастық алаңында көптеген идеялар мен жобалар жүзеге асырылатынына сенімдімін. Іс-шараларды ұйымдастыруға, қатысушыларды оқытуға және қолдауға барлық күш-жігерімізді саламыз, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.

Қарағанды комьюнити-орталығы – еліміздегі үшінші орталық. Бұған дейін Алматы мен Қызылордада да осындай екі нысанашылған. 

Орталық 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында ашылды. Ол Тәттімбет көшесі 709 мекен-жайында орналасқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -