Павлодардағы әскери бөлім қабырғасы қаланған күнін атап өтті

5379
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық  ұланның  «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығына  қарасты 5512 әскери бөлімі  қабырғасы қаланған күнді атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

15 командир  басқарған  әскери бөлімнің іргетасы 1989 жылы 23 қазанда бөй көтерген. Мыңнан астам ұландық қызмет ететін  әскери бөлім салтанатты шараны қаладағы «Достық» үйінде ұйымдастырды. Шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Әскерилер көк туға бой түзеп тұрып, әнұранға құлақ қойды. 5512 әскери бөлімінің қызметкерлері көк туды қорғау жолында әркез жан аямай еңбек етіп келеді. Ұландықтар қоғамдағы  елеулі оқиғаларға да асқан қырағылықпен көзге түсуде. Айталық, биыл Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде  елордадағы қоғамдық  тәртіпті  қадағалаған әскери қызметшілер жоғалған смартфондарды тауып, көшеде көз жазып, үйін таппай адасқан балаларды ата-анасымен қауыштырды.

Салтанатты шарада әскери бөлім қызметкерлері марапатқа ие болды. Ардагерлер, офицерлер, қатардағы жауынгерлер құрметтелді. Бас қолбасшы және өңірлік қолбасшы тарапынан қызметте озық әскерилер, оқуда озат сарбаздар марапатталды.

-  Әскери бөлімнің 35 жылдығын тойлап жатырмыз. Еліміздің әр облысынан келген жолдастарыммен бірге осында әскери борышымды өтеп жатырмын. Баршасын осынау ерекше  мерекемен құттықтаймын.  Әскери бөліміміз гүлдене берсін!, дейді - 5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мират Құсанов.

Әскери бөлімге атқарылар міндет әр қилы. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, әр түрлі апаттық жағдайларда елдің қасынан табылуға әрқашан дайын. 1989-жылы жауынгерлік туын қолға алған бөлім, 2022 жылы әскери полк ретінде қайта құрылды. Әскери бөлім биылғы жылы инспекторлық тексерістен де сәтті өткен. Шара аясында сарбаздардың күнделікті оқу-жаттығу кезінде қолданатын қару-жарақ түрлері көпшілікке көрме ретінде ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -