Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №891 «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы әлемдік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» Қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресей Федерациясының байланыс әкімшілігімен келіссөздер жүргізіп, келесі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізді:
- «+7» кодын бірлесіп пайдалану жүзеге асырылады;
- тараптардың бірінің басқа нөмірлік кодқа көшу мерзімі 6 айдан 2 жылға дейін ұзартылды (ХЭО ұсынымдарына сәйкес);
- Қазақстан Республикасының нөмірлік қоры 000-099 диапазонында DEF-кодын қосу арқылы кеңейтіледі.
Жақын арада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Келісімге қол қою күтілуде.