2024 жылдың 30 қазанында Шымкентте Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі жауынгерлерлерінің әскери автокөліктермен 300 шақырымдық марш арнайы тактикалық сабағы өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Марш бағыты әскери бөлім мен Ақбастау елді мекені.
Осыдан екі ай бұрын басталған жас әскери жүргізіушілерді дайындауға арналған оқу-курсы барысында 50,100,150 шақырымдық марштар өткен болатын. Жас әскери жүргізушілердің әскери техниканы тізгіндеуде кәсіби біліктілігі мен машықтарын тәжірибе жүзінде бекіту үшін жасалған 300 шақырымдық маршпен оқу-курсын аяқталады. Маршқа 10 әскери техника, оқу-курсын тәмәмдаған 25 сарбаз оларға нұсқаушы ретінде тағайындалған 15-ке жуық офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қатысты. Жас әскери жүргізушілердің 2 айға жуық оқыған білімдерін бекітіп, әскери техниканы басқаруға шешім қабылданатын маршты бөлім командирі подполковник Сакибеков Нұрлан Рабдалиевич басқарды.
Сапар барасында жүргізушілерден әртүрлі дейгейдегі қиындықтар мен кедергілерден өтуі, көліктердің техникалық жағдайларын қадағалауы бойынша сынақтар қабылданды. Жас әскери жүргізушілердің ішінде білімі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсетіп, сынақтардан сүрінбей өткен қатардағы жауынгерлер Жансейіт Данияр, Алпыс Бекжан, Марғали Асылбек, Ерзақ Алихан «өте жақсы», ал қатардағы жауынгерлер Нетребенко Илья, Аббасұлы Медет, Альсериков Ернұр «жақсы» деп бағаланды.
Алдағы уақытта оқу-курсын аяқтаған әскери жүргізушілер жауынгерлік қызмет барысында жүретін қаламыздағы басты бағыттармен танысып, екі апталық тағлымдамадан өтеді. Жас әскери жүргізушілерді дайындау оқу-курсының аяқталуына қорытынды жасалып, оларға әскери техниканың кілті салтанатты түрде табыс етілетін болады.