2024 жылғы 1 қазанда салық төлеушілерді кезекті санаттау 2024 жылдың 4 тоқсаны аяқталды. Санаттау нәтижелері салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне жіберілді және ресми сайтта орналастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Санаттау нәтижелерін одан әрі талдау барысында салық төлеушілердің салықтық тәуекел дәрежесінің жоғарылауына да, төмендеуіне де әсер еткен техникалық қате анықталды.
Осыған байланысты, деректердің дәлдігі мен дұрыстығы үшін зардап шеккен салық төлеушілер үшін санаттау қайта есептелді, ал түзетілген нәтижелер олардың жеке кабинеттеріне қайта жіберілді және МКК ресми сайтында жарияланды.