Жалпыға бірдей декларация: мерзімдері мен статистикасы

3839
Фотосурет: kapital.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 250.00 нысандағы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Алматы облысының атынан 182 390 бизнес өкілі тапсыру қажет.

 1,2,3 кезеңдер бойынша барлығы 361 133 азамат 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыруға міндетті.

  2024 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша 250.00 және 270.00 декларация нысандарын 308 101 жеке тұлға немесе 85,3% тапсырды. Нысан үшін таңдауды қоса алғанда:

 250.00 нысанын 156 831 жеке тұлға немесе 182 390 заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшыларының 86%-ы.

 270.00 нысанын 151 270 тұлға немесе 178 943 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 84,5 пайызы тапсырды.

3-кезең бойынша 250.00 СЕН белгіленген мерзімде табыс етілмеген, салық заңнамасымен 29 207 жеке тұлғаларға және 270.00 СЕН нысандары бойынша 35 648 жеке тұлғаларға хабарлама жіберілді, ағымдағы күні 250.00 СЕН нысаны бойынша 3 533 табыс етілген қалғаны 25 674 тұлғаны құрайды, 270.00 СЕН нысаны бойынша 3 342 табыс етілген қалғаны 32 306 тұлға.

Мемлекеттік кірістер  Департаментінде түсіндірме шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -