Қазақстанның цифрлық кедені: БҰҰ-мен табысты ынтымақтастық

8393
Фотосурет: freepik

Осы айда Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) қолдауымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген АСТАНА-1 ақпараттық жүйесінің енгізілгеніне 7 жыл толды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүйе әлемнің 100-ден астам елінде ЮНКТАД енгізген, ASYCUDA платформасының жетілдірілген нұсқасы болып табылады және халықаралық стандарттар мен озық практикаларға сәйкес келеді.

АСТАНА-1 24/7 режимінде істейді, бұл бизнеске қағазсыз декларациялау мүмкіндігін береді және МКК қызметкерлерімен байланысу қажеттілігін азайтады. АСТАНА-1 жұмыс істеу барысында үш жарым миллионнан астам тауарларға арналған декларация және он бір миллионнан астам транзиттік декларациялар рәсімделді, бұл бизнес тарапынан сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.

Жүйе E-лицензиялау, ОБДШ, ЭШФ, Қазақстан Ұлттық Банкі, ҚТЖ және «Қазпошта» АҚ сияқты негізгі ұлттық ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің, Халықаралық автомобиль көлігі одағы (IRU) және басқа елдер, соның ішінде Қытай, Өзбекстан, Грузия және Әзербайжанның жүйелерімен сәтті интеграцияланды.

АСТАНА-1 енгізу кедендік рәсімдерді оңайлату және тауарлардың шекарадан өту уақытын қысқарту есебінен Doing Business және Logistics Performance Index сияқты халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позициясын жақсартуға ықпал етті. Бұл тауар айналымының өсуі мен елдің транзиттік әлеуетін нығайтудың маңызды факторына айналды.

АСТАНА-1 Қазақстанның халықаралық көлік желілеріне интеграциялауда шешуші рөл атқарады және Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа бағыттарды құруға үлес қосуда. «АСТАНА-1» «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесімен интеграциялау Қазақстан арқылы тауарлардың өтпелі транзит процесін аяқтауды айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік берді. Транзиттік декларацияларды ресімдеу уақыты 1,5 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылды, бұл транзиттік хаб ретінде еліміздің тартымдылығын арттырды.

Электрондық сауданы қолдау да құжатты өңдеу уақытын 5 минутқа дейін қысқарта отырып, «АСТАНА-1» «Қазпошта» АҚ-мен интеграциялаудың нәтижесінде айтарлықтай дамыды. Іске қосылған сәттен бастап бірнеше айдың ішінде шамамен бір жарым миллион CN22/23 нысанында құжат өңделді, бұл трансшекаралық онлайн-тапсырыс беруді ресімдеу процесін жылдамдатады.

Қазіргі уақытта «СӘИЖ» салықтық әкімшілендірудің жаңа жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Цифрлық кеден платформасын одан әрі жаңғырту Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ және ЮНКТАД арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру  шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бұл халықаралық әріптестік Қазақстанға кедендік әкімшілендіру мен халықаралық сауданы цифрландыруда саласында алдыңғы қатарда қалуға, сондай-ақ жаһандық аренада транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -