Air Astana Астана-Фукуок тікелей рейсін қосады, деп хабарлайды DKnews.kz.
3 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасынан Вьетнамдағы Фукуок аралына тікелей қатынайтынымызды қуана хабарлаймыз. Бұған дейін әуекомпания Алматыдан Фукуокқа тікелей қатынай бастаған еді. Аптасына үш рет, яғни сейсенбі, жұма, жексенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен қатынаймыз.
Қазақстаннан Фукуокқа 8 сағат 15 минут, ал қайтар жол 9 сағатқа созылады.
Екі жаққа эконом класс билеті 380 720 теңгеден, ал бизнес класс билеті 973 821 теңгеден басталады.
Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күн жүре алады.