Қазақстан мен Корея: әлем чемпионатына жолдаманы кім ұтады?

4213
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Астанада Қазақстанмен Корея құрамасынан кімдердің ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

16-17 қарашада елордада өтетін Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстанмен ойнайтын Корея Республикасының құрамасы анықталды.

Кореялықтар капитаны Джунг Ба Ким команда құрамын жария етті.

Қазақстандықтарға қарсы Да Ён Бак (331 WTA), Со Хен Пак (жұптық сында 257-орын), Ку Ён Ву (417 WTA) және Ким Дабин (331WTA) ойнайды. 

Бұдан бұрын Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам Қазақстаннан Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаеваға сенім артқан болатын.

ITF әлемдік командалық рейтингісінде Қазақстан 13-орында тұрса, Корея 32-сатыда. 

Ойындар Beeline Arena жабық хард корттарында болады. Іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. 

Матч жеңімпазы алдағы жылы сәуірде өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Бәсекелерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойындар 16 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 13.00-де, жексенбі күні сағат 12.00-де басталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -