Конкурсқа қатысу үшін жас қазақстандықтар 380-ден астам эссе жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org. сайтында қашықтықтан өткізілген "Вейпсіз жастық шақ" республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру. Оған жас жағынан екі санаттағы оқушылар қатыса алды – 11-13 жас (187 жұмыс) және 14-17 жас (186 жұмыс). Барлығы байқауға 383 эссе ұсынылды, оның ішінен қазылар алқасы критерийлерге сәйкес келетін және байқаудың жеңімпаздары деп танылған 44 жұмысты таңдап алды.Әсіресе Қызылорда облысында тұратын балалар көбірек белсенділік танытты – конкурсқа 55 жұмыс ұсынылды, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (28 жұмыс) және Алматы, Павлодар облыстары (27 жұмыс).
"Вейпсіз жастық шақ" эссе байқауына қатысушылардың саны(өңірлер бойынша алғанда)
№ |
Облыстар, қалалар |
Қатысушылар саны |
Жеңімпаздар саны |
1 |
Ақмола |
18 |
1 |
2 |
Ақтөбе |
10 |
1 |
3 |
Алматы |
27 |
0 |
4 |
Атырау |
19 |
2 |
5 |
Абай облысы |
12 |
1 |
6 |
Шығыс Қазақстан |
28 |
8 |
7 |
Жамбыл |
20 |
0 |
8 |
Жетісу |
20 |
1 |
9 |
Батыс Қазақстан |
15 |
3 |
10 |
Қарағанды |
16 |
8 |
11 |
Ұлытау |
15 |
2 |
12 |
Қостанай |
3 |
0 |
13 |
Қызылорда |
55 |
4 |
14 |
Маңғыстау |
22 |
2 |
15 |
Павлодар |
27 |
3 |
16 |
Солтүстік Қазақстан |
14 |
3 |
17 |
Түркістан |
13 |
0 |
18 |
Алматы қаласы |
16 |
1 |
19 |
Астана қаласы |
4 |
3 |
20 |
Шымкент қаласы |
10 |
1 |
Барлығы |
383 |
44 |
"Бұл өзекті мәселе бойынша бірде-бір аймақ үнсіз қалған жоқ. Барлық облыстардың және республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары көкейтесті проблемаға орай өз ұстанымдарын білдірді", – деп атап өтті конкурсты ұйымдастырушылар-Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері.
"Бұл жасөспірімдерге елеулі проблема- балалар мен жастар арасындағы вейпинг туралы өз ойларын айтуға берілген мүмкіндік. Балалардың жазған шығармалары бізге вейпингтің олардың өмір сүру салтына ықпалын тереңірек түсінуге, сондай-ақ салауатты таңдау маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді. Байқау- жазу және сыни ойлау дағдыларын дамыту мүмкіндігі. Эссе құрдастардың пікірлеріне әсер етіп, қоғамдағы маңызды тақырыпты талқылауға ынталандыруы ықтимал",-деді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна.
Вейперлер-темекі шегушілердің жаңа түрі, олар әдеттегі темекіні емес, электронды "салмасы" бар темекілерді шегеді сол арқылы электронды құрылғылармен темекі шегуді насихаттайды. Әсіресе жасөспірімдер арасында вейперлер өте көп. Бұл тек ұлдар арасында ғана емес, қыздар мен бойжеткендер арасында да "сәнді" болып саналады", - деп жазды қарағандылық мектептің 10 сынып оқушысы Ринат Сапаров. Бәріне кінәлі агрессивті маркетинг, деп санайды Сәтбаев қаласының оныншы сынып оқушысы Іңкәр Орман. Бұл жастар арасында вейпингтің таралуына ықпал ететін тағы бір фактор, дейді ол. "Көп жағдайларда өндірушілер жасөспірімдердің назарын аудару үшін тартымды қаптамалар мен ашық түстерді пайдаланады. Вейпинг денсаулыққа елеулі зиян келтіреді және жаңа тәуелділіктерді туғызады, олар туралы айтып отыру өте маңызды. Бұл мәселені талқылауға жастардың өзін белсенді түрде тарту керек. Біз жастық шағымыздың вейптерсіз өтуіне түрткі боларлық өзгерістердің бастамашысы бола аламыз, бұл бізге ересектер салатын тыйымнан гөрі анағұрлым күшті әсер етпек. Салауатты өмір салтын таңдау біздің болашағымыз үшін өте маңызды екенін көруге тиіспіз", - деп атап өтті оқушы.
"Өзіңіз үшін оқшауланған әлем құрып алып, бұл проблемадан құтылып кетеді екенмін, деп ойламаңыз. Вейптерді насихаттайтындар бұл мәселенің тура өздерінің жеке басына әсер етпейтініне сенімді болатындар. Олар немерелері, шөберелері және одан кейінгі ұрпақ туралы, яғни жер бетіндегі өмір ешқашан аяқталмауы үшін олардың денсаулығын сақтау керек екендігі туралы ойламайды!",- деп алаңдаушылық білдіреді Щучинск қаласында тұратын 14 жастағы оқушы Ирина Подпорина. Ол өзінің эссесінде осындай тықпалаушылық пен жарнамаға қалай қарсы тұруға болады, деген сауалға жауап іздеуге тырысады. "Көптеген елдерде темекі өнімдері мен вейптерді жарнамалауға мүлдем тыйым салынған. Қазақстан да бұл мәселеде тыс қалған жоқ, тіпті ілгерледі де, жарнамаға ғана емес, сонымен қатар вейптер мен электрондық темекілерді сатуға да тыйым салды. 2024 жылғы 19 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл заң 2024 жылдың 20 маусымында күшіне енді. Бұл Қазақстанның өзінің жас ұрпағына деген шынайы қамқорлығының тамаша дәлелі. Мен Президентім мен үкіметіміздің болашағымызды қорғағанын мақтан тұтамын! Бірақ біз ертеңгі күніміз қандай болатынына өзіміз де мән беруіміз қажет: құрдастарымызға осы "батылдық" әдеттің салдарын түсіндіріп, одан арылуға көмектесуіміз керек!",- деп білдірді ол өзінің пікірін.
Жастар арасында вейпинг мәселесін шешуге кешенді тұрғыдан қарау қажет, деп жазады Жетісу облысындағы мектептің 11-сынып оқушысы Айсұлу Мұхамади. "Мектептерде тәуелділіктің алдын алу бағдарламаларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдау маңызды. Жастарға жасөспірімдердің энергиясын позитивті арнаға бағыттауға көмектесетін баламалы нәрселерді ұсынған жөн, оның ішінде спорт, өнер, ғылым", - дейді ол.
"Вейпинг мәселесін шешудегі басты рольді біріншіден отбасы, екіншіден мектеп атқарады. Отбасы-сіз тәрбие алып, жеке тұлға ретінде қалыптасатын ортаңыз және соған әсері бар адамдар. Адамның мінез-құлқы мен мінезі отбасында қалыптасады, сондықтан ата-ана мен отбасының үлгі көрсетіп, балалардың өміріне белсенді қатысып, олардың уақытын қалай өткізетіндіктерін қадағалап отырудың маңызы елеулі. Бұл баланы бас салып бақылау керек екен, деген сөз емес, баланың қызығушылығы мен не нәрсеге еліктейтіндігін білу керек, деген сөз. Ата - аналар нақты мысалдар мен ғылыми фактілерді келтіре отырып, вейпингтің не екенін, оның не, неге қауіпті екенін түсіндіруі керек", - деп жазды он бірінші сынып оқушысы Аружан Жұмағазы шығармасында.
"Ал ең сұмдығы не екенін білесіздер бе?! Бала отбасында ата-анасының электронды темекіден ажырамайтындығын көреді. Ең жақын адамдар алдамайды, деп ұғады. Демек, соншалықты қорқатындай ештеңе жоқ, деп түсінеді. Мұндай жағдайда мемлекет те, қоғам да, мұғалімдердің де бар істеген әрекеттері нәтижесіз болады",-де жазады Ақмола облысының Елток ауылының оқушысы 15 жастағы Владимир Кукушкин. "Мен өмір мен бостандықты таңдаймын. Біз қоғамда мүлдем тәуелсіз бола алмаймыз. Бірақ жаман дағдыларға тәуелді болмауға болады. Біздің өмірімізде қызықты нәрселер көп қой, спорт, білім алу , саяхаттау. Вейпсіз және басқа "тыйым салынған" нәрселерсіз -ақ ләззат алып өмір сүрелік!",- деп түйіндеді сөзін оқушы.
Ескерте кетелік, эссе байқауы "Вейпсіз балалық шақ" әлеуметтік жобасы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен "Қазақстан балалар қоры" Қоғамдық Қоры арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында өткізілді.
"Қазақстанда жастар арасында вейпинг мәселесін талқылау, балалардың пікірлерін тыңдау үшін жағдай жасау өте маңызды болды", - деді әлеуметтік жобаны іске асырып отырған "Қазақстанның балалар қоры " ҚҚ директоры Эльвира Ватлина.
Байқау оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен өз көзқарастарын дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, мұндай іс-шараға қатысу шығармашылық қабілеттілікті дамытуға, эссе жазу шеберлігін шыңдауға ықпал етеді, байқауға қатысушылардың көпшілігі бұл талапты жақсы орындап шықты.
11-13 жас және 14-17 жас аралығындағы санаттар арасында үш жүлделі орын берілді. Жеңімпаздардың аты-жөндерін мына сілтеме бойынша табуға болады: Республикалық іс-шаралар | rumcdkz