KazChess Masters: «ондыққа» кірдік!

1100
Фотосурет: Сергей Алексеенок/KazChes

Бүгін Алматыда 25 млн теңге жүлде қоры үшін шетелдік бес гроссмейстер мен Қазақстан құрамасының бес қатысушысы бақ сынайтын халықаралық KazChessMasters шахмат турнирінің ашылуы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылы KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) алдыңғы жылдағы сияқты гроссмейстер (GM) және халықаралық мастер (IM) нормалары бар, әрқайсысы 10–12 қатысушыдан тұратын, оның шамамен жартысы Қазақстанның ересектер және жасөспірімдер құрамасының мүшелері болып табылатын айналмалы жүйедегі турнирлер сериясын өткізеді.

Алайда бүгін Park Dedeman Almaty қонақүйінде (Алматы, Тимирязев көш., 67а) ашылған KazChess Masters турнирі — ерекше.

Біріншіден, орташа рейтингтің 2572 болуы жарысқа XIII категориялы жоғары деңгей мәртебесін береді.

Екіншіден, турнирге әлемдік шахмат тәжіне талас матчының қатысушысы (Борис Гельфанд, 2012), рапид бойынша әлем чемпионы (Володар Мурзин, 2024), Еуропа чемпионы (Алексей Сарана, 2023) және екі мәрте Үндістан чемпионы (Мурали Картикеян, 2015 және 2016) қатысуда.

Үшіншіден, оларға қарсы 15–25 жас аралығындағы Қазақстанның ең мықты шахматшылары бақ сынайды.

Фото: Сергей Алексеенок/KazChes

KazChess Masters турнирінің қатысушылары (2024 жылғы 1 қарашадағы рейтинг бойынша):

  • GM Алексей Сарана (2675, Сербия);
  • GM Мурали Картикеян (2662, Үндістан);
  • GM Володар Мурзин (2655, FIDE);
  • GM Борис Гельфанд (2633, Израиль);
  • GM Максим Чигаев (2628, Испания);
  • GM Қазыбек Нөгербек (2538);
  • GM Денис Махнёв (2525);
  • GM Эдгар Мамедов (2492);
  • IM Алдияр Ансат (2476);
  • IM Сауат Нұрғалиев (2437).

​​​​​​​Фото: Сергей Алексеенок/KazChes

21 қараша күні 14:00-де турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған KazChess/ҚШФ вице-президенті Бикет Таирұлы Жароков және ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы (ол сондай-ақ турнир директоры) гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов қатысты. Осыдан кейін 1-тур басталды.

1–8 турлар Қазақстан уақытымен 15:00-де, соңғы 9-тур – 11:00-де басталады.

Уақыт бақылауы — классикалық (алғашқы 40 жүріске 90 минут, содан кейін партия соңына дейін 30 минут, әр жүрістен бастап 30 секунд қосылады).

Фото: Сергей Алексеенок/KazChes

Турнирдің гарантталған жүлде қоры — 25 млн теңге. Ол былай бөлінеді:

  • 1-ші орын — ₸7 млн
  • 2-ші орын — ₸5 млн
  • 3-ші орын — ₸3,5 млн
  • 4-ші орын — ₸2,5 млн
  • 5-ші орын — ₸2 млн
  • 6-шы орын — ₸1,5 млн
  • 7-ші орын — ₸1,25 млн
  • 8-ші орын — ₸1 млн
  • 9-шы орын — ₸750 мың
  • 10-шы орын — ₸500 мың

https://s2.chess-results.com/tnr1278544.aspx 

Турнир аясында 24 қараша күні 10:00-де ФИДЕ нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2004), GM Рустам Қасымжановпен (2671, Өзбекстан) бір мезгілде ойын сеансы өтеді. Онда «2025 Жас таланттарды қолдау бағдарламасының» 10 қатысушысы және жақын резервтегі ойыншылар: Марк Смирнов, Данис Қуандықұлы, Акарис Жандос, Нұрмұхаммед Кабиназар, Жансая Шолпанбек, Айару Алтынбек, Нұрмұхаммед Елемес, Алтайыр Қажмұратов, Алдияр Қадыр және Адриана Сермұхамедова бақ сынайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -