Ташкентте армия спортшысы МАА IMMAF әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жекпе-жектен әлем біріншілігі Халықаралық аралас жекпе-жек өнері федерациясының (IMMAF) қолдауымен өтті.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі аға маман Мөлдір Әшірбекова МАА IMMAF бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанып отыр.
Аралас жекпе-жек шебері 74,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ширек финалда жерлесіміз анголалық спортшылар Эсперанса Чилаладан 17:5, Людмила Джорджинадан 11:1 есебімен басым түсті. Шешуші жекпе-жекте Мөлдір Әшіберкова мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13-1 есебімен жеңіске жетті.