Әскерилер аударыспақтан Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды

6666
Фотосурет: Gov

Шымкентте ұлттық спорт түрі – аударыспақтан өткен жарыста Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары екі алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Чемпионатқа еліміздің 120-дан астам үздік спортшылары жиналды.

Аударыспақ – спортшыдан үлкен ептілік пен күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатыса алады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.

Жарыс қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшылары Азамат Сарғазин (62 кг) және Алмаз Ләтіпбек (74 кг) жеңімпаз атанды. Күміс медальға Арман Сағымбаев (100 кг) және Рамазан Ғалел (87 кг), қола медальға Шыңғыс Ержанов (74 кг) ие болды.

Армия спортшыларының бұл жетістігі шеберліктің жоғары деңгейін, олардың ежелгі ұлттық дәстүрлерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысын дәлелдейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -