Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері Өзбекстанда бірлескен оқу-жаттығуға қатысуда

12826
Фотосурет: Gov

Жизақ облысындағы Орталық әскери округтің «Фориш» полигонында басталған Hanjar-2024 («Қанжар-2024») тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 20 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шаралар екі ел әскери қызметшілерінің тығыз ынтымақтастығын, қалалық жағдайда арнайы операция жүргізуде тәжірибе алмасуды және заңсыз қарулы құралымдарды жоюды көздейді.

Hanjar-2024 («Қанжар-2024») тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы арнайы мақсаттағы бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруді, оларды жауынгерлік қолдануға дайындауды және арнайы операцияны бірлесіп жүргізуді қоса алғанда, үш кезеңге жоспарланған.

Бірлескен іс-қимылдар барысында Қазақстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері әртүрлі қару түрлерінен ату, шартты тұрғындар тұратын жерлерде жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу дағдыларын пысықтайды, сондай-ақ операцияға егжей-тегжейлі талдау жүргізеді.

Оқу-жаттығу аясында ұлттық тағамдар күндері, Достық футбол матчы және Самарқан қаласына экскурсия жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -