Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ЖИТС орталығының маманымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында әскерилерге салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында дәрігер маман ЖИТС инфекциясының таралу жолдары және оны жұқтырмау үшін қолданылатын шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Кездесу соңында әскерилер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, әскерилерге ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық жадынама қағаздарын таратты.