Шымкент қаласының әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсатына сәйкес «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша ұшқан «АН-24» ұшағының апаттық қонуы салдарынан өрт орын алды. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. Шасси тағанының істен шығуы, қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шықты. Әуежайдың ұшуларды іздестіру мен апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері қаланың өрт сөндірушілерімен және құтқарушыларымен бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру, экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ әуежайдың бөлімшелері мен қалалық қызметтерінің өзара бірлесіп қызмет атқару іс-қимылдарын машықтау болды. Оқу-жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.