Қазақстанның екі саласы ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялар бойынша көш бастап тұр

8866
Фотосурет: freepik

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына бағытталған инвестиция көлемі 5 есеге артты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында ауылшаруашылығы машиналарын жасау секторындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артып, шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

Инвестициялардың негізгі бөлігі Түркістан облысына (2,3 млрд теңге немесе жалпы республикалық деңгейдің 42%) және Қостанай облысына (1,9 млрд теңге, 35%) тиесілі болды.

Биыл Түркістан облысында «BNK Group Ltd» ЖШС-нің 1 450 млн теңге инвестиция көлемімен және 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып жаңбырлату жабдықтарын өндіру (екінші кезең) жобасы іске асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 960 машинаны құрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -