Елордадан әскерге шақырылғандар Ақтөбедегі кіші авиация мамандарын даярлайтын орталықта оқиды

4532
Фотосурет: Gov

Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 40 әскерге шақырылушыны Әуе қорғанысы күштеріне мерзімді әскери қызметін атқаруға салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жас астаналықтар Қазақстанның бүкіл өңірінде орналасқан авиациялық бригадаларда әскери борышын өтеуі тиіс. Алайда бұған дейін олар Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты жанындағы кіші авиация мамандары орталығында жарты жылдық оқудан өтеді.  

Оқу орталығында полковник Жәнібек Қабдуәлиевтің басшылығымен 12 бағыт бойынша ұшуды жерүсті және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының 200-ден астам кіші маманы және басқалары білім алуда. 

– Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жас жауынгер курсынан өтуі керек. Қызметтің негіздерін игергеннен кейін алты ай ішінде сарбаздар шектес мамандықтарды үйренетін болады. Бұл жерүсті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі мамандар, электр және газ жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарьлар, жанар-жағармай материалдарының зертханашылары, радиоэлектрондық жабдықтарды монтаждаушылар, жол-құрылыс машиналарының машинистері, – деді кіші авиация мамандарын даярлау орталығының бастығы полковник Жәнібек Қабдуәлиев.

Орталықта жарты жыл оқығаннан кейін оның түлектері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде меңгерген әскери-есептік мамандығы бойынша тәжірибе жинайтын болады. 

Офицер бұл мамандықтар экономиканың азаматтық секторында сұранысқа ие екенін айтты. Белгіленген мерзімде қызмет етіп, таңдалған мамандыққа сәйкес сертификаттар алғаннан кейін жастар азаматтық авиация секторында жұмысқа орналаса алады. 

Қызметті аяқтағаннан кейін азаматтар осы алған мамандықтарын өзін дамытуға жан-жақты жүзеге асыра алады. Оларға келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсуге немесе азаматтық жоғары оқу орнына түсу үшін білім грантын пайдалануға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -