Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

5423
Фотосурет: Gov

Қыс мезгілінің басынан бастап елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, передает DKnews.kz.

Күн сайын қар полигондарына ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

20 қарашаға қараған түнге көшелерді қар мен мұздан тазартуға 800-ден астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшы шықты.

19 қарашадағы күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер қаладан 1 673 рейспен 21 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 484 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 38 мыңға жуық ауыр жүк көлемін құрайды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -