Нури Билге Джейлан"Еуразия" кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады

5775
Фотосурет: aa.com.tr

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды. 

«Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.

Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды. Джейланның жалпы саны 97 халықаралық марапаты бар. 

Нури Бильге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Ыстамбұлда дүниеге келген. Оны көбінесе терең мазмұнды, поэтикалық әрі интеллектуалдық туындылармен байланыстырады. Режиссер өзінің ерекше стилімен танымал. Оның фильмдерінде көркемдік эстетика мен философиялық толғаныстар үйлесім тапқан. Шығармалардың басым бөлігі уақыт, жалғыздық, естелік пен адам табиғаты туралы сыр шертеді.

«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады.

 Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.

Бас серіктес: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -