Алматы облысында колонияға тыйым салынған затты кіргізбек болған азамат ұсталды

5280
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Заречный кентінде темір торға тыйым салынған затты алып өтпекші болған тағы бір заң бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғарғы №12 мекемесінде болған.

Көлікті бақылап-тексеру пунктінің кезекшісі ефрейтор Дулат Айтмұхамбетов мекеме қызметкерлерімен бірлесіп бақылау-өткізу пунктінде ЛДСП материалдары мен сырлауға арналған ауа компрессорын алып келген Daimler Chrysler автокөлікті тексерген. Тексеру барысында компрессордың  целлофанмен оралғаны күдік туғызған. Ефрейтор Д.Айтмұхамбетов компрессорды рентген арқылы өткізіп, оның ішінде күдікті заттар барын анықтайды. Бұдан кейін компрессор арнайы аппаратпен кесіліп, ішінен скотчпен оралған 29 дана түйіншек, 2 дана қуаттау құрылғы, 3 дана телефон, 2 дана сим карта, 1 литр белгісіз сұйық зат алынған.

Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығы нәтижесінде күдіктінің жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ. Қырағы көз қызметкерлер мұның өзін мүлт жібермей, дер кезінде анықтаған.

Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналып, одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -