ТЖМ аумақтық бөлімшелер тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде, 3957 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады.
Жыл ішінде өрт қауіпсіздігіне арналған екі айлық ұйымдастырылды. Алдын алу іс-шаралары аясында құтқарушылар 12 586 тұрғын үйді аралап, 27 689 адамға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ 3516 тұрғынның қатысуымен 293 жиын ұйымдастырылды.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 1722 датчик орнатылды.
6-14 қараша аралығында Сарысу, Талас және Жуалы аудандарында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылып, пештер тазаланды. Тұрғын үй секторында халыққа жадынамалар таратылып, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар берілді.
«Цифрландыру мақсатында ТЖД адамдар көп жиналатын орындарда QR-кодтарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы QR-кодтарды сканерлеу арқылы тұрғындар әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерімен таныса алады», - ТЖД бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков атап өтті.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады.