2024 жылғы 23 қарашада Астанада дипломатиялық қызмет пен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған «Diplomatic Chess Cup 2024» шахмат турнирі өтті.
Іс-шараны Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) бас серіктес – Freedom Broker компаниясы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Турнирде IOFS (Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы) командасы жеңіске жетті.
Қатысушыларды ҚР СІМ кеңесшісі Файзрахман Қасенов пен KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов құттықтап, символдық алғашқы жүріс жасады.
Шахмат – стратегиялық ойлауды, ымыра таба білуді және бейбіт келісімге келуді қажет ететін зияткерлік ойын, сондықтан ол дипломатияның мәнісін тамаша көрсетеді. Бұрыннан әлемдік дәстүрге айналған дипломаттардың шахмат турнирлеріне Қазақстан шахмат федерациясы жыл сайын қолдау көрсетеді.
Жарысқа қатысқан 18 команда 10+5 уақыт бақылауы жасалатын швейцариялық жүйе бойынша 7 тур ойнады (партияға 10 минут беріліп, әр жүріс үшін 5 секунд қосылады). Турнир қатысушылардың халықаралық ұйымдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің атынан әрекет ететін 10 ел – Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония, АҚШ, Тәжікстан мен Түркіменстанның туларымен безендірілген «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінің конференц-залында өтті.
Финалдық турларда командалық ұпай саны бірдей (11) үш көшбасшы анықталды, бұл: IOFS (Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы), Fried Dragon (АҚШ Елшілігі) және MFA Kazakhstan (Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі). Жеке нәтиже бойынша қарсыластарынан озып кеткен IOFS командасы турнир жеңімпазы атанды.
Үздік Бухгольц коэффициентінің үздік болуының арқасында екінші орынға Fried Dragon командасы шықса, үшінші орынға MFA Kazakhstan командасы иеленді.
Тақталардағы үздік ойыншылар:
Бірінші тақта:
- Марат Ибраимов (IOFS, Islamic Organization for Food Security) – 6 ұпай
- Арсен Сағатов (ҚР СІМ) – 5 ұпай
- Айбат Қабдылманап (Бельгияның Қазақстандағы Елшілігі) – 5 ұпай
Екінші тақта:
- Жеңібек Ақтаев (Fried Dragon, АҚШ Елшілігі) – 6 ұпай
- Умар Юнусзода (Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі) – 6 ұпай
- Ғали Сейілханов (ҚР СІМ) – 5,5 ұпай
Турнирдің қорытынды кестесі:
- Embassy of Belgium (Бельгияның Қазақстандағы Елшілігінің командасы) – 9 ұпай
- Germany (Германияның Алматыдағы Бас консулдығының командасы) – 9 ұпай
- Dostyk (Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің командасы) – 8 ұпай
- Arlan (АҚШ Елшілігінің командасы) – 8 ұпай
- British Embassy Knights (Ұлыбритания Елшілігінің командасы) – 7 ұпай
- North Macedonia (Ambassador of the Republic of North Macedonia to the Republic of Kazakhstan командасы) – 7 ұпай
- Baiterek (ҚР Сыртқы істер министрлігі Адами ресурстар департаментінің командасы) – 7 ұпай
- Back Street Boys (ҚР Сыртқы істер министрлігінің командасы) – 6 ұпай
- Dip-Chess (Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің командасы) – 6 ұпай
- CICA (Conference on Interaction and Confidence-Building Measures in Asia командасы) – 6 ұпай
- OSCE Team (Астанада жұмыс істейтін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) командасы) – 6 ұпай
- Fischer (ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаментінің командасы) – 4½ ұпай
- Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы – 4 ұпай
- Chess Bosses – 3 ұпай
- Pawn Stars (АҚШ Елшілігінің командасы) – 2 ұпай
Турнирдің жүлде қоры 1,5 млн теңге болды. Жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етіліп, ең үздік болған IOFS командасы 2024 жылғы Жеңімпаз кубогын және 2024 жылғы 23 қараша – 13 желтоқсан аралығында Сингапурда өтетін қазіргі әлем чемпионы Дин Лижэнь және үміткер Гукеш Доммараджу арасындағы әлем чемпионы атағы үшін матчқа баруға саяхат грантын алды.