Сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атып, танкке қарсы сынақтан өтті

3421
Фотосурет: Gov

Аягөз гарнизоны танк құрамасының 200-ден аса жас сарбазы «Майлин» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет атыс қаруынан оқ атты және Т-72 ауыр ұрыс машинасына қарсы сынақтан өтті.

Жас толым атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында ұрыс қаруының құрылымын, шынайы жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктерін, ерекшелігін және қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерген болатын.

Сондай-ақ, оқ ату жаттығуларын бастамас бұрын жас толымға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

"Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Көрсеткішім жақсы. Бүгінгі жетістігім командирлеріміздің үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын. Сондай-ақ, танкке қарсы сынақтан өтті, Шыны керек, басында қобалжу, қорқыныш болды. Бірақ біз бұның барлығын жеңе алдық" қатардағы жауынгер Әділет Акишбаев

Бүгінгі алғашқы ату-жаттығу қорытындысы күтпеген нәтижелермен ерекшеленді. Себебі, бөлімге жаңа келген сарбаздардың ішінен біразы нысаналарға дәл тигізіп, жоғары ұпай жинады. АК-74 қаруын алғаш қолға алған бозбалалар үшін бұл жақсы нәтиже екенін айта кеткен жөн.

Сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді санаулы күндерден соң ант қабылдайды. Бұл алғашқы жаттығуларды жас әскерилердің «жауынгерлік жолының бастамасы» деп айтуға болады. Әскердегі бір жыл қызмет ішінде оларды осындай ауқымды оқу-жаттығулар мен далалық жиындар күтуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -