Алдын ала салық төлемдері: қателіктерден қалай аулақ болуға болады

4180
Фотосурет: kapital.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдері Салық кодексінің 305 - бабы 5-тармағы 3) тармақшасының талаптарын бұза отырып есептелген заңды тұлғаларға-салық төлеушілерге хабарлама жібергенін назарыңызға жеткізеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, декларацияны тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер алдыңғы салық кезеңінде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі.

Сонымен қатар, хабарламаның бар-жоғын «Салық төлеушінің кабинеті» Web-сайты және «Электрондық үкімет» еgov.kz порталы арқылы тексеруге болады.

Астана қаласы бойынша МКД қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауды болдырмау үшін салық міндеттемелерін алдын ала орындауды ұсынады, (ҚР ӘҚБтК 278-бабының 3-бөлігі).

Салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram @astana_mkd.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -