23-28 қараша аралығында Шымкент қаласында спорттың күштік түрлерінен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Чемпионатта республиканың түкпір-түкпірінен келген 937 адам жарысты.
Осы спорттық жарысқа ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өрт-құтқару және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы азаматтық қорғау майоры Виталий Вадимович Ромащенко қатысты.
Жоғары оқу орнының қызметкері 100 кг салмақ дәрежесінде күштік спорттың 6 түрі бойынша 6 алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жарыста Виталий Вадимович Ромащенко халықаралық спорт шебері нормативін орындады, сонымен қатар 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде арқанға тартылу бойынша Қазақстан және Азия рекордын орнатты.
«Бұл спорттық жетістік марапаты мен үшін маңызды. Ол еңбек, тәртіп жылдарын бейнелейді. Мен осындай нәтижеге қол жеткізгенімді мақтан тұтамын. ТЖМ басшылығына және осы жолда мені қолдағандардың барлығына ризамын. Бұл әрі қарай жүруге және одан да жоғары мақсаттар қоюға шабыттандырады»,-деді Виталий Ромащенко.