Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды

4389
Фотосурет: Gov

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада ашылған кезекті жайлы мектеп туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тағы бір жайлы мектепті аштық. Бұл – оқу жылы басталғаннан бері біз ашқан он сегізінші жаңа мектеп.

Жаңа үлгідегі мектеп Үркер елді мекенінде орналасқан. Білім ордасы екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа ашылған мектеп оқушылардың саны толып кету мәселесін шешеді. Балалар бұл жерде 3 тоқсаннан бастап оқуын бастайды.

Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгіде 11 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарымызда бар. Сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. Мәселен, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -