Әскери отбасы – үздіктер қатарында

7491
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Бүгінде отбасылық құндылықтарды дәріптеп, салихалы ұрпақ тәрбиелеуді, болашақ ұрпаққа үлгі болатындай жарасымды жанұялардың санын арттыруды мақсат еткен «Өнегелі отбасы» байқауының республикалық қортынды кезеңі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

180 – нен астам отбасы бақ сынаған шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің қызмет бастығы, Джолихановтар отбасы да қатысып үздік 10 отбасының қатарынан көрініп, I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұлттық ұлан әскер қатарында қызмет атқарып жүрген лейтенант Джолиханов Бекес Елімханұлы, бүгінде өзінің жан жары Жанна екеуі төрт ұл үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

Айта кетейік «Өнегелі отбасы» байқауының ақтық республикалық кезеңінің марапаттау рәсімі Астана қаласында  «Каз-медиа» орталығында өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -