Патронаттық кәсіби отбасы дегеніміз не және ол балаларға қалай көмектеседі?

3267
Фотосурет: © Fotolia / Sunny studio

Қабылдаушы кәсіби отбасы дегенміз не? Қабылдаушы кәсіби отбасы – балаларды уақытша орналастырудың бір түрі, ол балаларға қауіпсіз әрі жайлы отбасылық орта құру мақсатында ұйымдастырылады.

Баланың мұндай отбасында болуының ең ұзақ мерзімі - алты ай. Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады, әр балаға жеке назар мен қамқорлық көрсетіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар жіберіледі:

  • жетім балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • панасыз және қараусыз қалған балалар;
  • зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар;

Қабылдаушы кәсіби отбасыларға кандидаттардың барлығы міндетті психологиялық дайындықтан өтуі тиіс. Бұл дайындық балаларды қабылдайтын арнайы ұйымдар мен аккредиттелген мекемелерде жүргізіледі.

Кандидаттарды тағайындау туралы түпкілікті шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды, бұл шешімдер ұсынылған құжаттардың толықтығын және заң талаптарына сәйкестігін ескере отырып шығарылады.

Әрбір қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және тәрбиешінің қызметі үшін ақы төленеді.

Балалар анықталған сәттен бастап интернаттық ұйымға емес, тікелей отбасыларға жіберіледі және олар жеке назар мен отбасылық қамқорлыққа ие болады.

Айта кетейік, отбасыға орналастырудың 4 түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы. Бүгінде елімізде 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Оның ішінде 17 660 бала отбасында тәрбиеленуде. Биыл 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасын тапты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -