17 кг есірткі және миллиондаған доллар: заң күзетіндегі қызметтік иттер

2530
Фотосурет: Gov

Экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандаға қарсы күрес және заң мен тәртіпті сақтау Агенттіктің басым міндеттері болып қала береді, деп хабарлайды DKnews.kz.


       
Бұл жағдайда қызметтік-іздестіру иттері де өз көмегін көрсетті.

Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.
        
Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:

  •  марихуана/каннабис – 5,2 кг. (20 факт);
  •  гашиш/гашиш майы – 11,5 кг. (11 факт);
  •  көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.     

Сонымен қатар, осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды. 
        
Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады. 
        
Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.


        
Еске салайық, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.
        
Анықтама: ҚР ҚМА кинологиялық қызметі қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшесі, ал оның мамандары арнайы дайындалған жедел қызметкерлер болып табылады. Оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы есiрткi мен валютаның, оларды өткiзудiң қауiптi бағыттарында контрабанданың жолын кесу үшiн арнайы дайындалған қызметтiк-iздестiру иттерiн дайындау және пайдалану мiндетi жүктелген.
        
Кинологиялық орталықта дайындалған жануарлар тек Агенттіктің бөлімшелеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да құқық қорғау органдарына, арнайы қызметтерге, әскери полицияға, ҰҚК ШҚ және Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.
         
Кинологиялық орталықта мемлекеттік кірістер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, сондай-ақ Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Моңғолиядан келген 1000-нан астам кинологтар оқытылды.

Тек соңғы екі жылдың ішінде орталық 60-тан астам кинологиялық бригаданы дайындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -