Қазақстан банкроттық саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі жаһандық платформаға қосылды

4103
Фотосурет: @pressfoto / freepik

2024 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан банкроттық саласындағы реттеушілердің халықаралық қауымдастығының құрамына ресми түрде кірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл - дәрменсіздік (банкроттық) саласындағы әлемдік практикамен алмасу жөніндегі жалғыз мамандандырылған алаң болып табылады.

БРХҚ мүшелері 33-тен астам елдер, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Канада, БАӘ, ҚХР, Финляндия, Польша, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. дамыған елдер.

Қазақстанда заңды және жеке тұлғалардың дәрменсіздігін реттеу мәселесі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретіне жатады.

Елде төлем қабілетсіздігі екі заңмен реттеледі:

  • «Оңалту және банкроттық туралы» Заң жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оңалту және банкроттық туралы істерге қолданылады.
  • «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ жеке тұлғалардың соттан тыс және сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану үшін негіздерді белгілейді.

Бүгінде Қазақстан жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеуде және заңды тұлғалардың банкроттығына жаңашылдықтар енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл Қауымдастық дәрменсіздікті реттеу саласындағы үздік тәжірибелер мен стандарттарды ілгерілетуді жинақтайтынын ескере отырып, мүшелік бізге озық халықаралық тәжірибені зерделеуге, сондай-ақ банкроттық мәселелері бойынша әр түрлі халықаралық юрисдикциялармен ынтымақтастық орнатуға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -